Украинадан қашқан әйел Қазақстаннан саяси баспана сұрап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Украинадан қашқан әйел  Қазақстаннан саяси баспана сұрап отыр

Украинадан қашқан әйел Қазақстаннан саяси баспана сұрап отыр

Украиналық босқындар Қазақстанға да жетті. Қантөгістен көз ашпай жатқан отанынан екі баласын алып қашқан 46 жастағы азаматша бүгін солтүстік қазақстандық шекарашылардың қолына түсті. Төлқұжаты дұрыс болмағандықтан ол шекараны орман арасымен заңсыз кескен екен. Босқын әйел Петропавлда тұратын туыстарын паналамақ болыпты. 

  • 28 Маусым 2014
  • 449
Фото - Caravan.kz

Дархан Ахметов, 2032 әскери бөлімі командирінің орынбасары  

-Олардың сөздері бойынша жеке  машинамен келген. Көлікпен келгесін сол жақтан жаяу біздің Қазақстанның территориясына өткен. Өткізу пунктінен айналып өтіп кеткен.

Светлана Резвинская Мамлют ауданы Қызыләскер ауылында туып-өскен екен. Украин жігітен тұрмыс құрып сол жаққа көшіп кетіпті. Ол жақта атыс шабыс болып жатқан Донецк облысында тұрыпты. Сөйтіп, балаларына алаңдаған әйел кәмелетке толмаған 9 және 4 жасар екі ұлын ертіп қазақстандағы туыстарына кетпек болған. Алайда құжаты дұрыс болмай, Петропавлдағы туысын шақырып алып, төртеуі орман арасымен шекараны заңсыз бұзып келе жатқан жерінен қолға түскен. Енді саяси баспана сұрап отыр.

— 
Сіздердің президенттен саяси баспана сұраймын.