Украинаның ұлттық футбол құрамасы Алматыға ұшып келді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украинаның ұлттық футбол құрамасы Алматыға  ұшып келді

Украинаның ұлттық футбол құрамасы Алматыға ұшып келді

Бүгін, 8-қыркүйекте түнде Қазақстан құрамасымен арадағы сайысқа бір тәуліктей қалғанда Украинаның ұлттық футбол құрамасы Киевтен шыққан чартерлік рейспен Алматыға ұшып келді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 8 Қыркүйек 2004
  • 510
Фото - Caravan.kz

Бұл Украинаның ұлттық футбол құрамасы үшін 2006-жылғы әлемдік чемпионаттың іріктеу сайыстары бойынша өткізетін екінші жекпе-жегі.

4-қыркүйекте Копенгаген қаласында бұл құрама Евро-2004 біріншілігінде ширек финалға шыққан Дания құрамасымен 1:1 есебімен тең түсті.
Алматыға табан тіреген футболшылардың арасында Италияның «Милан» құрамасында ойнайтын Андрей Шевченко болған жоқ. Украина құрамасының бұдан басқа жетекші футболшылары түгелдей Алматыдағы сайысқа әзірленуде.
«Шевченко жаттығулардың бірінде жарақаттанып қалған. Жарақат ауыр емес, дегенмен, Шевченко Қазақстанның теңбіл доп майталмандарымен шеберлік сынасуға дейін денсаулығын қалпына келтіріп үлгермес еді»,- деп түсіндірді шабуылшының жоқтығын Украина құрамасының жаттықтырушылар штабындағылар.
«Біздің құраманың көптеген мүшелері көп жылдан бері ең жоғары деңгейдегі жарыстарда тәжірибе жинақтаған. Біз жеңеміз деген сенімдеміз»,- деді Украина құрамасының ең тәжірибелі қорғаушыларының бірі Андрей Гусин.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін, 8- қыркүйекте кешкі сағат 21-де Алматыдағы Орталық стадионда Қазақстан және Украина құрамалары арасында 2006-жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінің сайысы өтеді. Қазақстандық теңбіл доп шеберлері чемпионаттың іріктеу ойындарына УЕФА-ның қолдауымен қатысқалы отыр.

Соңғы жаңалықтар
Тоқаев 71 жасқа толды
Жаңалықтар 17 Мамыр