Ұл боп туған: 22 жастағы қазақ транссексуал қалай “қызға” айналғанын айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 481.84
  • 531.33
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
4 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұл боп туған: 22 жастағы қазақ транссексуал қалай “қызға” айналғанын айтып берді

Ұл боп туған: 22 жастағы қазақ транссексуал қалай “қызға” айналғанын айтып берді

Өзін Gayanа деп таныстырған 22 жастағы студент сән салонында кәсіби әрлеуші болып жұмыс істейді. Туғанда ер бала болған. Алайда 5 жасында өзінің қатарластарынан ерекше екенін сезген. Бұл жайлы жан баласына, тіпті туған анасына жақ ашпапты. Себебі әлемде мұндай адам жалғыз мен, деп ойлаған ол.

  • 17 Сәуiр 2018
  • 130
Фото - Caravan.kz

Транссексуал 7-арнаның “Өз ойым” бағдарламасына қатысып, өзінің “қызға” айналу хикаясын баяндап берді, деп хабарлайды Stan.kz.

«Не қыз емес, не бала емеспін. Менде бір ауытқу бар немесе аурумын деп ойладым. Ес кіре бастаған кезде өзімді-өзім іштей жей бастадым. Кішкентай кезімде онша мән берген жоқпын. Өсе келе ішімдегі сұрақтар да көбейе бастады. Бала кезімде қыздармен де, ұлдармен де дос болдым. Қуыршақ та ойнадым. Бірақ қыздарға көбірек жақын болдым”, – деген Gayana бұл жағдайды Қазақстанда қабылдамайтынын білген соң, өзін-өзі басуға тырысқанын айтты.

“Ол үшін еркін күреске, таэквондоға, жүзуге қатыстым. Бірақ сонда да басылған жоқ. 18-ге толғанша ешкімге айтқан жоқпын. Кәмілеттік жасқа толған соң анама бәрін айттым. Ол, әрине сенген жоқ. Жылады. Бірақ жалғыз баласы болғандықтан қабылдады”, – дейді транссексуал.

Gayana шын есімін жасырады, өзінің қай қаладан екенін де айтқысы келмейді. Бір анығы, оның әке-шешесі сәби кезінде ажырасып кеткен. Ол, тіпті әкесін 20 жасында алғаш рет көргенін айтады. Оның өзі қажеттіліктен туғандықтан іздеп тапқан.

“18 жасымда өзім сияқты адамдармен, транстармен, гейлермен, лесбиянкалармен таныстым. Гормон ішіп, төсімді үлкейттім”, – деген Gayana шашының да өзінікі екенін атап өтті.

Эфирге қатысқан психолог мамандар транссексуалдың психикасына әлдене әсер еткен болуы мүмкін деп болжады. Сұхбат барысында олар Gayana-ның оқушы кезінде зорланғанын анықтады.


«11 жасымда көршілерім, сыныптастарым және өзімнен үлкен ұл балалар зорлап тастады. Қарсылық көрсеткеніме қарамастан мені ұрып, зорлап тастады», – деді ол.

Айта кетейік, Қазақстанда 2009 жылдан бері заң жүзінде рұқсат берген 30-ға жуық адам жынысын ауыстырып үлгерген. Әділет министрлігі берген мәліметке сүйенсек, былтыр үш азамат жынысын ауыстыруына байланысты аты-жөнін өзгертуге өтініш білдірген. Соның ішінде төртеуі жынысын әйелден еркекке ауыстырса, төртеуі еркектен әйелге айналған.

Оқи отырыңыз:

Ерке Есмахан: «Бұйыртса осы күзде «Кафе Махаббат» киносына келіңіздер!»

Бауыржан Мусинге қатысты сот үкімі шықты