"ҰЛТ жайлы әңгiме таусылып, БҰТ жайлы әңгiме тыңдауға лайық болдық па? Қыздың арын саудаға салсақ, саудамыздың бiткенi" - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"ҰЛТ жайлы әңгiме таусылып, БҰТ жайлы әңгiме тыңдауға лайық болдық па? Қыздың арын саудаға салсақ, саудамыздың бiткенi"

"ҰЛТ жайлы әңгiме таусылып, БҰТ жайлы әңгiме тыңдауға лайық болдық па? Қыздың арын саудаға салсақ, саудамыздың бiткенi"

Ләйлә Сұлтанқызына үлкен сын тағылды. 

  • 8 Сәуiр 2019
  • 308
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

"Өз ойым" бағдарламасы халықтың ашу-ызасын күн санап арттыруда. 

Әзілкеш Нұрболхан Шарапов желідегі парақшасында былай деп жазды:

"Құрметтi Ләйлә Сұлтанқызы! Мен сiзбен өз басым өте жақсы таныспын. Бiлiктi журналист ретiнде бағалаймын. Әйел бақытын ұғындырған тұлға ретiнде бiлемiн. "Қазақстан Республикасының Еңбек Сiңiрген Қайраткерi" деген атағыңызды да құрметтеймiн.
Соңғы күндерi оқырмандарымнан көп хаттар келдi. Қазақ қыздары ӨЗ ОЙЫМға келiп ойына келгенiн айтып, әркiмнiң қойнында жатқанын жария еткенi ҚАРА ҚАЗАҚтың ызасын тудырып жатыр. Жетпегенi осы едi! Сондай тексiздердi телеарнадан дәрiптейтiндей, арсызды тұлға ететiндей не күн туды?! ҰЛТ жайлы әңгiме таусылып, БҰТ жайлы әңгiме тыңдауға лайық болдық па? Зиялы би-шешендердiң аузына емес, ұятсыз қыз-келiншектердiң аузына қарап қалдық па? Қыздың арын саудаға салсақ, саудамыздың бiткенi ғой. Қыздың арын қорғаймын деп, қызыл отқа оранған империялар болған. Сiздер қалай ғана қызармай, беттерiңiз бүлк етпей бетiмен кеткен қызды экранға шығардыңыздар?! Ендi осы iсiңiз Қазақстан Республикасының Еңбек Сiңiрген Қайраткерi деген атқа қаншалықты сай?🎖🤔🧐 Сiздердiкi атың шықпаса жер өртенiң кейпi ғой. Басқа ештеңе емес.
Барлығы үшiн сұраламыз. Сiз 2 млн-нан астам оқырман үшiн және экран алдында көрiп отырған әрбiр көрермен үшiн сұраласыз. Мен, осы тұрғанда 675 мың оқырман үшiн уайымдап жазып отырмын.
Опщым, бұл — ӨЗ ОЙЫМ!"

Халық қана емес, мен Ләйлә Сұлтанқызының әріптестері Дана Нұржігіт пен Асхат Садырбай да бұл бағдарламаға бей-жай қалдырмай үлкен сын айтты.


Соңғы жаңалықтар