Ұлтаралық келісім еліміздің модернизациялану жолындағы ілгерілеушіліктерін қамтамасыз етеді - президент - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлтаралық келісім еліміздің модернизациялану жолындағы ілгерілеушіліктерін қамтамасыз етеді - президент

Ұлтаралық келісім еліміздің модернизациялану жолындағы ілгерілеушіліктерін қамтамасыз етеді - президент

"Ұлтаралық келісім ғана еліміздің модернизациялану жолындағы ілгерілеушіліктерін қамтамасыз етеді",- деп мәлімдеді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, 22-қарашада Қазақстан халықтары ассамблеясының 11- сессиясын ашып сөйлеген сөзінде.

  • 22 Қараша 2005
  • 358
Фото - Caravan.kz

Он жылдықты қорытындылаған президент «Қазақстан осында тұратын бүкіл халықтар арасындағы қарым-қатынастң ең тиімді үлгісін жасай алды», деп мәлімдеді. «Қазақстан халықтарының ассамблеясы деп аталатын бірегей қоғамдық-саяси институт уақыттың сынағына төтеп бере алды»,- деп мәлімдеді Н.Назарбаев.

«Өткен мерзімде Ассамблеяның ұйымдастырушылқ және құқықтық базасы кеңейді»,- деді ол. «Ағымдағы жылдың 23-сәуірінде Қазақстан халықтарының ассамблеясын нығайту жөніндегі жарлықпен оның бұдан былай жұмыс жүргізуіне бекем құқықтық негіз қалыптасты».