"Ұлттық мәдениет аяқасты болды": Қазақ үйде жалаңаштанып билеген қыз-жігіттер жұрттың ашуына тиді - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ұлттық мәдениет аяқасты болды": Қазақ үйде жалаңаштанып билеген қыз-жігіттер жұрттың ашуына тиді

"Ұлттық мәдениет аяқасты болды": Қазақ үйде жалаңаштанып билеген қыз-жігіттер жұрттың ашуына тиді

Басына орамал тағып, киіз үйде отырған екі қыз бен бір жігіттің қылығы қоғамның наразылығын тудырды.

  • 18 Маусым
  • 140
Фото: видеодан алынған

Аталмыш видео әлеуметтік желіде пайда болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Белгілі журналист Арман Әубкір өзінің фейсбуктағы парақшасында пікір білдірді.

«Бір жағынан діни радикалдар, бір жағынан батыстың ең сорақы қасиеттерін бойына сіңірген оңбағандар, қыз-текелер қазақтың басына сор болып жабысты-ау.

Ұлтымыздың қасиетті киіз үйін қорлап видео-ролик түсіріп, фото сессия жасапты. Ұлттық құндылықтарымызды сақтайтын, қорғайтын заң керек деп айтып жүргенімізге қанша болды? Неге басқалардың төл мәдениеті қорғалады да, біздің ұлттық мәдениет әр кез аяқасты болып жатады. Әсіре діндарлар бір жақтан, еліктегіш мәңгүрттер екінші жақтан қазақ өркениетіне шабуыл жасауын қоймай отыр».

Заң шығаратын депутаттарымыз қайда?

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек Үкімет басшысы және мәдениет министріне үндеу жолдады:

«Ұлттық мәдениетініміздің атрибуттарын қорлап, ұлттың ашуына тиетін провокаторларға қатаң заң керек. Қылмыстық кодекстің 174 бабына өзгерістер енгізу керек. «Ұлттық нақыштарға” деген сөзді қосу керек! Өзбекістан, Қырғызстанда бұларды осылай бұттарын ашып талтаңдатып билетіп қоймайды. Ал Қазақстанда әркім білгенін істеп жатыр. Бұл арсыздарға “тоқта” деп айтатын бұл елдің үкіметі қайда қарап отыр?».

Желі қолданушылары да бұл пікірмен келісті:

«Ұлттық құндылықты мазақ етіп таптағаны үшін қатаң түрде жазалансын!», «Осындайлардан соң қазақ қызынын абыройы бүкіл әлемге судай төгілді. Енді бүкілі біздің қыздарды осылай көреді». «Мешітке тиіскіштер!! Неге үндемей қалдыңдар? Бұл киіз үй арабтікі емес…»