Ұлттың болашағы - білімді, әрі өзін-өзі қамтамасыз ете алатын әйелдің қолында - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттың болашағы - білімді, әрі өзін-өзі қамтамасыз ете алатын әйелдің қолында

Ұлттың болашағы - білімді, әрі өзін-өзі қамтамасыз ете алатын әйелдің қолында

Мемлекеттің болашағы әйел затына байланысты: көзі ашық, білімді (білімді қыз тәрбиелі) аналардан ақылды ұрпақ келеді.

  • 6 Мамыр
  • 28
Фото: ашық дереккөз

Сингапурда жоғары оқу орнын бітірген әйелдерге үйленетін ер адамдар және өмірге үш баладан көп бала әкелген жоғары білімі бар әйелдер үкіметтен қомақты қаржылай сыйақы алатынын білесіз бе? Бұл туралы белгілі коуч-тренер Гүлмира Абдрашева пікір білдірді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Сол кездің өзінде Ли Куан Ю ұлт табысының кілті білімді әрі өзін-өзі қамтамасыз ете алатын әйел екенін түсінді.

Тарих көрсеткендей, оның ойы дұрыс болып шықты.

Білімді және парасатты әйел ертеңін ойлай алады, көп біледі және заманауи шындықтар мен үрдістерді бағдарлайды.

Кем дегенде, денсаулығына мұқият қарап, витаминдер қабылдайды, денсаулығын, жүктілігін, ұрпағын алдын-ала жоспарлайды.

Ол өмірлік жолдасына қолдау көрсетеді, қажет болса, сынайды да, бағыттайды да. Осылайша отбасының табысты болуына ықпал етеді.

Ол нарықтағы тенденцияларды зерттеу арқылы, баланың сапалы білім алуына қамқорлық жасайды.

Ол жоғары деңгейде ойлайды, кеңірек шешім қабылдайды. Кешке не тамақ жасаймынмен ғана шектелмей, өмірінің басқа да бағыттарына жоспарлар құра алады.

Білімді әрі саналы, мамандығын дұрыс таңдаған әйел кез-келген тығырықтан өзін ғана емес, басқаларды да шығара алады. Жолдасы кенеттен қандай да бір қиын жағдайға тап болып қалса, өзін де, отбасын да материалдық және моральдық жағынан қорғай алады.

Байтұрсынов, Бөкейханов, Аймауытов, т.б қазақ зиялылары неліктен білімді, интеллектуалды дарынды әйелдерді таңдаған? Өйткені нағыз мықты адамдар өзгенің әлсіздігінен жұбаныш іздемейді, өзіне лайықты, өзін-өзі қамтамасыз ететін жар таңдайды.

Қазір жағдайымыз қандай?

Қоғамда «әйел бақыты» сынды тренингтер жетерлік. Бұл курстар ерлер мен үлкендерге сөзсіз мойынсұнуға бағыттайды. Яғни, адамның мүдделеріне, әлеуетіне және уақытына нұқсан келтіретін көзқарастар бар. Әрине, әлем күн сайын өзгеруде. Бірақ көптеген қыздар әлі күнге дейін дәмді тамақ пісіруді, күйеуінің іш киімін жууды және мінездерін жасыруды үйреніп әлек, әйтпесе «күйеуге шықпай қаласың, немесе сені кім алады» деген үрей бар.

Суретте бүкіл әлем тамсанатын, оның шеберлігіне бас иетін Жансая Әбдімәлік. Оның ас үйде қандай тамақ істей алатыны ешкімге қызық емес.

Өйткені әлем үшін Жансаяның бойындағы ең басты қасиеттері – оның ақылдылығы мен кәсібилігі.

Әрқашан өзіңізге инвестиция жасаңыз, өзіңізді әрдайым дамытыңыз, жаңа биіктерге жетуге талпыныңыз, батыл идеяларыңызды жүзеге асыруға қорықпаңыз.

Сіз кез келген уақытта тамақ пісіруді және кір жууды үйрене аласыз, бірақ сіздің миыңыз ғана тамақ пен жақсы өмір сүруге ақша табуға көмектеседі, деп пікір білдірді белгілі коуч-тренер Гүлмира Абдрашева.

Соңғы жаңалықтар