"Тиктоктағы рулар жарысы": Абай заманынан бері қазақ өзгерген жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тиктоктағы рулар жарысы": Абай заманынан бері қазақ өзгерген жоқ

"Тиктоктағы рулар жарысы": Абай заманынан бері қазақ өзгерген жоқ

Қай ру өкілі көп ақша аударса, соны тізімде жоғары көтеріп қояды екен.

  • 11 Шiлде
  • 29
Фото: видеодан скрин

Тиктокта әлдебіреу ру жарыс өткізіп отыр. Жүздеген қазақ сол стримге телміріп, тиын аударып, уақыт жоғалтып мәз, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Тағы бір тікелей эфир виртуал ойыны бар. Ақша аударсаң көлік нөміріне сол облыстың сериясын қойып береді. 17, 09 дегендей. Алматы көбірек ақша аударса, Шымкенттің көлігін жарып жібереді. Соған 100 мыңдап ақша жұмсаған адамдар да бар.

Қысқасы, Абай заманынан бері қазақ өзгерген жоқ. Сол баяғы қараңғылық, сол баяғы надандық.

«Тик Токта рулар жарысы болып жатыр. Тікелей эфирде 200-дей надан отыр. Жәй отырған жоқ, руы үшін ақша лақтырып отыр. Каспийге ақша салсаң, руың алдыңғы орынға шығады.

Комплексі бар надандар мәз.

Мен мұндай қоғамда өмір сүргім келмейді. Балаларымның осындай надандармен бір елде тұрғанын қаламаймын. Қазақтар не боп барады? “Қазақ-мықты халық” деген сөз далбаса. Комплексіміз көп. Мына түрімізбен біз жойылып кетуіміз мүмкін», — деп дабыл қақты журналист Данияр Есен.

«Жалпы біздің адамдар алаяққа алдандым десе аяушылық таныта бермеймін, себебі өздері сұранып алданады. Сауат ашуға жұмсайтын қаржыны алаяқтың қолына өзі апарып береді. Сенің тегің керемет десе атынан түсіп өзі жаяу қалады. Бал аштырады, тәуіп аралайды немесе тікелей эфирде осылай эго қанағаттандырады. Ұлттың комплексін жоймаса, қиын нәрсе бұл», — деді журналист Абай Сейфуллаұлы.