«ҚР Ұлттық банк басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі қаулысымен «Орта-Азиялық отын-энергетикалық компания» АҚ (ОАОЭК) мен оның ірі акционерлері Е. Әмірхановқа, А. Клебановқа және С. Канға «ЕЗЖҚ» АҚ ірі қатысушылары мәртебесін беруге келісім берді», — делінген хабарда.
Аманат Қазақстан» ЗЖҚ» АҚ бүкіл Қазақстанда 70-тен астам елді мекенде өкілдіктері бар аймақтық ірі желі. Қордың жеке капиталы 2011 жылы 1 маусымға Т1,476 млрд болды. Зейнетақылық активтері – Т57,9 млрд болды. Салымшылар саны – 352 мың адамнан асты. 5 жылдағы атаулы кірісі 34,2% болды.
«Еуразиялық ЗЖҚ» АҚ Қазақстанның 16 аймақтық өкілінен тұратын желісі бар. Қордың жеке капиталы – Т3,22 млрд, зейнетақылық активтері – Т78,3 млрд, салымшылар саны – 223 мың адам, 5 жылдағы кірістілігі — 29,27%.
«ОАОЭК» холдингтік компания Қазақстан экономикасының бірнеше секторларында – машинажасау, электроэнергетика, қаржы және химия өнеркәсібінде бар. Холдинг активтері 2011 жылдың 1 сәуіріне $1 млрд-тан асты.