Ұлттық банк теңгенің күрт құлдырау себебін түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банк теңгенің күрт құлдырау себебін түсіндірді

Ұлттық банк теңгенің күрт құлдырау себебін түсіндірді

АҚШ доллары күннен-күнге шарықтап, ұлттық валюта құлдырап барады. Қазақстан қор биржасындағы таңертеңгілік сессияның сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы 363,15-ке жетті. Бұл көрсеткіш алдыңғы күнмен салыстырғанда 1,8% -ға көтерілген.

  • 13 Тамыз 2018
  • 31
Фото - Caravan.kz

Теңгенің бұлай бірден әлсіреуі дамушы елдердің валюталарының әлсіреуі байланысты болып отыр.

«Дамушы елдердің валюталарының әлсіреуінің негізгі себебі геосаяси шиеленістер. Сондай-ақ, валюталардың әлсіреуі АҚШ-тың Ресей, Қытай, Түркия секілді бірқатар дамушы елдерге қарсы протекционистік және санкцияланатын саясатына да тікелей байланысты. Себебі, бұл дипломатиялық қарым-қатынастардың нашарлауына алып келеді»

Бұған қоса, экономикадағы оң үрдістің ықпалында АҚШ федералдық резервтерінің пайыздық үстемелері өсіп, АҚШ долларының әлемдік қаржы нарығында да айтарлықтай нығайған.
Ал, бұл факторлар дамушы елдердің нарығындағы капиталдың дамыған елдер нарығына құйылуына ықпал еткен.

«Қазіргі уақытта тарифтерді қалыптастыру іргелі факторлардың ықпалымен жүреді. ҚР Ұлттық Банкі валюта нарығындағы ахуалды үнемі қадағалап отырады және қажет болған жағдайда теңгенің айтарлықтай және тұрақсыздандыратын қысқа мерзімді ауытқуларын тегістеуге бағытталған интервенцияларды жүзеге асыруға дайын»,-деп қорытындылады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар