Жарияланды: 520

Ұлттық банк төрағасы бірінші жарты жылдықта еліміз экономикасының доллардан арылу ағымының пәрмендене түскенін ерекше атады

Қазақстан экономикасының доллар тасқынынан құтылу қарқыны арта түсті,- деп мәлімдеді бүгін, 28-шілдеде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко.

Оның айтуынша, бұл бағытта ешқандай әкімшілік шара қолданылған жоқ, барлық процесстер экономикалық тәсілмен өзіндігінен жүріп жатыр. Атап айтсақ, 2003-жылдың алғашқы жартысында еліміздің банк жүйесіндегі теңгемен салынған депозиттер көлемі 1,5 есе артып, 362,2 млрд. теңгеге жеткен, ал шетел валютасымен салынған депозиттер көлемі 6 процентке кеміп, 340,1 млрд. теңгені құрады. Осыған байланысты теңгемен салынған жалпы депозиттердің үлесі 51,6%-ке жетіп, ұлттық валюталық депозиттер көлемі 33%-ке дейін өсті. Тұрғындардың ұлттық валютамен салған жалпы салымдарының көлемі 292,5 млрд. теңгеге жетті. Сондай-ақ, есепті мерзімде ұлттық валютамен берілген несиелер көлемі 1,5 есе өсіп, 317,6 млрд. теңгеге жетті. Ал шетелдік валютамен берілген несие көлемі небәрі 0,8%-ке өсіп, 464,2 млрд. теңгені құрады. Соның нәтижесінде теңгемен берілген несиелердің үлес салмағы 40,6%-ке дейін өсті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін