Ұлттық банк төрағасының орынбасары Мәсімовтың сұрағына жауап бере алмай қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Мәсімовтың сұрағына жауап бере алмай қалды

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Мәсімовтың сұрағына жауап бере алмай қалды

Үкіметтің бүгінгі отырысында қызық жағдай болды. Премьер-министр Кәрім Мәсімов Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ғалымжан Пірматовтан еліміздің алтын-валюта қорының сомасын айтып беруді сұрады. Бірақ, банк басшысының орынбасары ол сұраққа жауап бере алмады, деп xабарлайды BNews.kz тілшісі.

  • 19 Шiлде 2016
  • 606
Фото - Caravan.kz

Алматы қаласынан бейнебайланыс арқылы шығып, баяндама жасаған Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ғалымжан Пірматовты Премьер-министр тоқтатып: «Бір сәт тыңдаңызшы, маған алтын-валюта қорының жыл басындағы және қазіргі абсолютті көлемін айтып беріңізші?» — деп сұрады. «Шамамен, 27 млрд… Менде қазір нақты сандар жоқ», — деген кезде К.Мәсімов: «Сіз баяндама жасағанша біреу сізге нақты ақпарат берсінші. 2016 жылғы қаңтардың 1-і мен қазіргі көлемі қандай? Біз сізді тыңдап тұрмыз»,-деп тағы өтініш жасады. Ғ.Пірматов болса, баяндамасын аяқтап: «Назар қойып тыңдағандарыңызға рақмет!» — деп қоштасқандай болды. Осы кезде Үкімет мүшелері күліп жіберді. Премьер-министр де қайтқан жоқ. «Сонда да сізден алтын-валюта қоры бойынша сандарды білгім келіп отыр» — деп қайтадан өтініш жасады. Оған Ғ.Пірматов: «Иә, Кәрім Қажымқанұлы, дәл қазір менің жанымда ешкім жоқ. Мен…баяндап беремін» — деп жауап берді. Кәрім Мәсімов отырыс аяқталғанша тауып беруге тапсырамын деп оқталғанда Ғ.Пірматовты ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев құтқарып қалды. Оның қолында алтын-валюта қоры бойынша ақпарат бар болып шықты.

«Жыл басында 28,1 млрд. доллар болса, қазір 30,5 млрд. долларды құрап отыр», — дейді Қ.Бишімбаев. «Демек, 2 млрд. долларға артты», — дей келе, Премьер-министр Пірматов мырзаға келесі жолы дайын болуды тапсырды.


 

 

 

Соңғы жаңалықтар