Ұлттық банкке несиелік мөлшерді төмендетуді тапсырамын – Тоқаев - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банкке несиелік мөлшерді төмендетуді тапсырамын – Тоқаев

Ұлттық банкке несиелік мөлшерді төмендетуді тапсырамын – Тоқаев

Бұл туралы Ақорданың Твиттердегі парақшасында жазылды.

  • 12 Сәуiр 2019
  • 25
Фото - Caravan.kz

"Ұлттық банкке ағымдағы жылы несие беру ставкасын одан әрі төмендету және экономиканы қаржыландыру көлемін ұлғайту тетіктерін пысықтауды тапсырамын", — деді ҚР Президенті.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев экономика мен халықтың табысының өсуі үшін шағын және орта бизнестің несиелендіруге қол жеткізуіді кеңейту маңызды болып табылатынын айтты.

Тоқаев транзиттік мүмкіндіктерді тиімді пайдалану керектігін де атап өтті.

«Еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін тиімді пайдалану біздің ұзақ мерзімді басымдықтарымыздың бірі болып табылады. Маңғыстау облысы арқылы Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия, Үндістан, Парсы шығанағы елдері, Түркия және Оңтүстік Еуропаны қосатын Транскаспий халықаралық көлік бағыты өтеді. Үкімет Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия, Таяу Шығыс және Қытаймен біздің порттарға қосымша жүк ағындарын тарту жөніндегі жұмысты жандандыруы қажет", — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, Президент салалық министрліктерге, холдингтерге және әкімдіктерге негізгі тауар позицияларына сұраныстың орта мерзімді балансын қалыптастыруды және тиісті ақпаратты "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жіберуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар