Жарияланды: 40

Ұлттық банкті Алматыдан Нұр-Сұлтанға көшіру жоспарланып отыр

Ұлттық банкті Алматыдан Нұр-Сұлтанға көшіру жоспарланып отыр Сурет - 24.kz

Болашақта Ұлттық банк Алматыдан астанаға көшіріледі деп жоспарлануда.

Бұл туралы бүгін Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында қаржы нарығын реттеу мен дамыту және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралды. Құжатта айтылғандай, 2020 жылы қаржы нарықтарын реттеу мен дамыту агенттігін құрып, ұлттық банктің бірқатар функциясын осы жаңа органға беру көзделіп отыр.

Досаев жаңа агенттікті құру ұлттық банкті қайта ұйымдастыру арқылы жүзеге асатынын атап өтті.

"Ұлттық банктің бірқатар функциясы мен өкілеттіктері жаңа агенттікке ауысады. Бүгінгі штаттан шамамен 500 адам осы агенттікке ауыстырылады", - деді ол.

Оның айтуынша, агенттік Алматы қаласында болады.

Осы кезде мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин болашақта ұлттық банкті Нұр-Сұлтан қаласына көшіру жоспарда бар ма деген сұрақ қойды. 

"Ондай жоспарымыз бар", - деді Досаев.

Ұлтық банк сияқты жаңа агенттік те республика президентіне тікелей бағынады және республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін