Бүгін Астана экономикалық форумында тілшілерге берген сұхбатында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.
«Жасалған шешімдердің бірі — ол 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін Ұлттық банктің кезең-кезеңмен қоныс аударуы. Яғни, екі жылдың ішінде біз тиісті инфрақұрылымды, ІТ инфрақұрылымын, басты кеңсені Астанаға көшіруге дайындалудамыз», — деді Келімбетов.
Алматы ұлттық ірі қаржы орталығы болып қала беретіндігіне тоқталған ол: «Менің ойымша, біздің ірі екі мегаполистердің осындай өзара толықтыруы барша еліміз бойынша қаржылық секторды дамытуға қызмет етеді», — деді.
Сонымен қатар Келімбетов «ЭКСПО-2017» көрмесіне салынатын бірқатар нысандардың бір бөлігі Ұлттық банкке берілетіндігін атап өтті.