Ұлттық банктің күміс монетасы халықаралық конкурста ең әдемісі болып танылды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банктің күміс монетасы халықаралық конкурста ең әдемісі болып танылды

Ұлттық банктің күміс монетасы халықаралық конкурста ең әдемісі болып танылды

Қазақстан ұлттық банкі Мехикода монета сарайы директорларының 28-ші конференциясы шеңберінде өткен халықаралық ескерткіш монеталар конкурсында

  • 23 Мамыр 2014
  • 1121
Фото - Caravan.kz

«Республика игілігі» сериясының «Алма отаны» жинақ күміс монетасы үшін «2014 жылдың ең әдемі күміс монетасы» номинациясында бас жүлдеге ие болды, деп Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бұл монета «Республика игілігі» сериясындағы бесіншісі болып табылады.

Қазақстан жер бетіндегі алма мәдениетінің отаны екені мәлім. Мұндай тұжырымды Оксфорд ғалымдары алманың көптеген сұрыптарын тексеру барысында жасаған. АҚШ, Канада және басқа елдердің ғалымдарымен бірлесіп олар қазақстандық жабайы алманың гені әлемдегі әйгілі сұрыптардың көбінде барын дәлелдеді.

Бұл қазақстандық монеталардың 2014 жылғы халықаралық конкурстардағы екінші жеңісі.


Биыл ақпан айында аталмыш серияның «Байқоңыр» ескерткіш күміс монетасы Италияның Виченца қаласында "Vicenza Numismatica – 2014" халықаралық монета өнімдері конкурсында үздік монета ретінде екінші орынды иеленген болатын.