Ұлттық баспасөз клубының қирап қалған ғимараты журналистерді күңірентті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық баспасөз клубының қирап қалған ғимараты журналистерді күңірентті

Ұлттық баспасөз клубының қирап қалған ғимараты журналистерді күңірентті

Алматыда үстіңгі қабаттары бұзылып жатқан Ұлттық баспасөз клубына журналистер қимастық сөзін арнап жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz тілш

  • 15 Қыркүйек 2016
  • 787
Фото - Caravan.kz

Алматыда үстіңгі қабаттары бұзылып жатқан Ұлттық баспасөз клубына журналистер қимастық сөзін арнап жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі. Олар әлеуметтік желідеге парақшаларында талай мәрте осы ғимараттағы баспасөз мәслихаттарына барғанын еске алуда.

«Сұмдық… Сәкеңнің (Сейітқазы Матаев – ред.) бізді қашан да күлімдей қарсы алатын жарқын сәттер есіме түсіп отыр» дейді Нәзира Дәрімбет.

Алматыдағы Ұлттық баспасөз клубы ғимаратының бұрынғы жағдайы
Алматыдағы Ұлттық баспасөз клубы ғимаратының бұрынғы жағдайы

«Ұлттық баспасөз клубы ғимаратының қандай күйге түскенін өз көзіммен көрдім. Бұл ештеңемен ақтауға болмайтын зұлымдық» депті Оксана Макушина.  

Ал Аян Шәріпбаев сол аумақты журналистер бір мезет барып көрсінші деп ұсыныс жасаған.

Алматыдағы Ұлттық баспасөз клубы ғимаратының қазіргі күйі


Қазір баласымен бірге сотталып жатқан Сейітқазы Матаевқа тиесілі бұл ғимарат биыл 23 тамызда бұзыла бастаған еді. Мәліметтерге қарағанда, ол Алматының ауданаралық мамандандырылған сотының шешімі бойынша қиратылуда. Бұған – ғимараттың сейсмикалық ережелерге сай болмауы. Осындай себеппен оның үшінші, төртінші қабаттары бір айға жуық уақыттан бері әлі бұзылып жатыр.

Айта кетейік, Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев пен оның ұлы, «ҚазТАГ» ақпарат агенттігінің басшысы Әсет Матаев алаяқтық жасап, бюджеттен ірі көлемде ақша жымқырды деп айыпталуда. Тергеу мәліметтері бойынша, олар 2011-2015 жылдары мемлекеттен ақпараттық тапсырысқа бөлінген қыруар қаржының үш жүз миллионнан астам теңгесін қалтаға басқан. Сондай-ақ, 200 миллионнан астам салықты төлеуден жалтарыпты.

Соңғы жаңалықтар