Жаңадан ашылған сайт қазақ халқының дәстүрлері мен тарихына қатысты деректерді насихаттауды мақсат етіп отыр. Сайттың ұйымдастырушысы әрі бас редакторы — Қазақ ұлттық салт-дәстүр академиясының академигі, ақын Қасымхан Бегманов.
Естеріңізге сала кетейік, Қ.Бегмановтың басшылығымен осы уақытқа дейін «Дәстүр» журналы шығып келеді. Жоғарыда аталған сайт журналдың электронды нұсқасы болып табылады.