деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Бүгін министр Ерболат Досаев еңбек ұжымын Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті төрағасының жаңа орынбасарларымен таныстырды. Аталған қызметке еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мен Мұрат Төлеутай тағайындалды.
Осыдан біраз бұрын комитет тұтқасын Әлиақпар Мәтішев ұстағанын хабарлаған болатынбыз.
Сонымен қатар, Құрылыс істері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасарлары тағайындалды.
Комитет төрағасының орынбасарлығына Владислав Галиев, Бауыржан Смағұлов және Дина Акрачкова тағайындалды, делінген хабарламада. Комитетті Құсман Айтмұхаметов басқарады.