«Жекешелендіру нысандары туралы берілген мәлімет жекешелендіруге қатысу туралы шешім қабылдау үшін жеткіліксіз, өткізілген сауда-cаттықтар туралы есеп мәліметтер ашықтық тұрғысынан жеткіліксіз, аймақтық деңгейдегі комиссия жұмыстарын ұйымдастырудың біртұтас әдімтемелік тәсілдері жоқ», — деп бүгін Астанада өткен қысқаша баспасөз мәслихатында палата таратқан хабарламада мәлімделген.
2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарын жүзеге асыру барысына байланысты проблемалы мәселелер арасында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы келесі фактілерді бөліп көрсетті: аудандық деңгейде жекешелендірудің екінші толқынын жүзеге асыру барысы мардымсыз хабарланады, мемлекеттік мүлік тізілімінің порталындағы электронды сауда алаңында техникалық олқылықтар бар.
Мәселе палата өкілдері, жалпы бүкіл жұртшылықтың белсенді түрде қатысуында жатыр. Біз біртұтас саула алаңында «Өтініштер мен шағымдар» деген бөлім болуы тиіс, алайда ол жоқ. Туған-туысы қатыспасын деген сөз емес. Ақшасы болса қатыса берсін, бірақ бұл ашық және кіршіксіз өткізілгенін бәріміз түсінуіміз керек», дейді ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Жаннат Ертілесова.