Ұлттық компаниялардың жетекшілері өз қызметкерлері үшін Астанада пәтер сатып алу жайы жөнінде есеп берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық компаниялардың жетекшілері өз қызметкерлері үшін Астанада пәтер сатып алу жайы жөнінде есеп берді

Ұлттық компаниялардың жетекшілері өз қызметкерлері үшін Астанада пәтер сатып алу жайы жөнінде есеп берді

Астана. 12 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Үкіметте өткен кеңес барысында республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Ұлттық компаниялардың жетекшілерінің президенттің тапсырмасымен ұлттық компаниялардың қызметкерлері үшін Астанада пәтер сатып алу жайы жөніндегі есебін тыңдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 12 Қыркүйек 2008
  • 501
Фото - Caravan.kz

«Самұрық» АҚ басқармаларының төрағасы Қанат Бозымбаевтың айтуынша, «бұрын қабылданған шешімдерге сәйкес «Самұрық» холдингінің құрамындағы үш компания — «ҚазМұнайГаз», «Қазақтелеком» мен «Қазақстан темір жолы» 732 пәтер сатып алмақ болған». «Біз тағы да 188 пәтер сатып алу мүмкіндігін қарастырдық. Сөйтіп, жалпы пәтерлердің саны 732 емес, 920 болмақ», — деді ол.

Өз кезегінде «Қазына» ТДҚ АҚ төрағасының орынбасары Қайрат Әйтекеновтың хабарлағанындай, «бірінші кезеңде 70 пәтер сатып алу жоспарланса, қазір бұдан екі есе артық пәтер сатып ала алады». «Бүгін өтетін директорлар кеңесінде әрбір үміткерді іріктеу шарттарының ережесін бекітеміз және сосын оларды сатып алуға кірісе аламыз», — деді Қ. Әйтекенов.

«ҚазАгро» АҚ басқармаларының төрағасы Әлихан Смайыловтың айтуынша, бастапқыда 108 пәтер сатып алу жоспарланған. «Қазір біз несие беру тетігі арқылы қаржыландыру және ссуда беру арқылы Астанада әрбір шаршы метріне 1500 АҚШ долларымен 200 пәтер алу жұмысын жүргізіп жатырмыз», — деді Ә. Смайылов.

Бұл мақсатқа оның айтуынша, 2 млрд теңге жұмсалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар