Жарияланды: 590

Ұлттық ұлан сержанты қоймадан қару ұрлап сатқан

Ұлттық ұлан сержанты қоймадан қару ұрлап сатқан

Павлодарда Ұлттық ұланның сержанты қоймадан қару қымқырды.

"Макаров" тапаншасын ол азық-түлік дүкенінің жұмысшысына сатыпты. Сөйтіп тапқан 80 мың теңгесімен банктегі берешегінен құтылмақ болған деп хабарлайды КТК арнасы. Ендігі жeрде қару орнына қайтарылғанымен, сержант қылмыстық жазадан құтыла алмайын деп тұр.

Күні кеше ғана жазасын өтеушілерге бас-көз болған сержант Ержан Ыбрашевтың өзі енді уақытша ұстау абақтысында отыр. 33 жастағы азамат 6679 әскери бөлімінен «Макаров» тапаншасын рұқсатсыз алып шығып, 80 мың теңгеге сатпақ болған.

30 тамыз күні 18:30-да «Дәулет» дүкеніне келдім. Сол жерде Бағланға «Макаров» тапаншасын бердім. Бағлан осы дүкеннң сатушысы, дейді ол.

Табелді қаруды қолды қылғанын мойындаған Ыбрашев бұл қылмысқа банктегі несиесін төлей алмағандықтан бардым дейді. Сондай-ақ, дүкеншіден алған қарзынынан да құтылмақ болыпты. Полицейлер ұрланған қаруды сатушының үйінен тапты. Ол айғақ затты DVD-дің ішіне жасырған екен. Дегенмен саудагер тапаншаны тек кепілдік ретінде алғанын айтып ақталуда. «Макаровты» сатып алған дүкенші тергеу уақытында бостандықта жүргенімен, ол да жазасыз қалмайды. Ал тапанша Ұлттық ұланның қару сақтайтын қоймасындағы орнына қайтарылды.

Қазір қару ұрлау және оны заңсыз сақтау деректері бойынша іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. «Макаровты» қолды қылған 33 жастағы сержант жеті жылға, ал оны пәтерінде сақтаған 24 жастағы азамат бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін