Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.
Таңғы сауданың бірінші келісімі 356,9 теңгемен өтті. Максималдық құны 357 теңге болды, ал минималдық құны — 350,1 теңге. Сауданың жалпы көлемі 147,4 миллион долларға жетті.
Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 350 — 351,5 теңге аралығында. Астана уақытымен 11.20-да Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 78,7 доллар болды.