"Ұлы орыстар қашып жатса, қазақтар соғысқа бара жатыр": ресейлік қазақтардың жаппай әскерге алынып жатқан видеосы тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ұлы орыстар қашып жатса, қазақтар соғысқа бара жатыр": ресейлік қазақтардың жаппай әскерге алынып жатқан видеосы тарады

"Ұлы орыстар қашып жатса, қазақтар соғысқа бара жатыр": ресейлік қазақтардың жаппай әскерге алынып жатқан видеосы тарады

Ресейде жарияланған жартылай мобилизациядан жаппай қашып  жатқан ресейліктер жайлы түрлі видеолар тарап жатыр. Барлығы дерлік орыстар.

  • 23 Қыркүйек 2022
  • 4943
Фото - Caravan.kz

Дегенмен керісінше  соғысқа бару үшін, жиналып жатқан қазақтар туралы видео тарады.

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Желіге тараған видеоның Ресейдің қай өңірінде түсірілгені белгісіз. Бірақ әскерилермен бірге көлікке отырып жатқан жас жігіттердің барлығы дерлік қазақтарға ұқсайды. Оларды шығарып салып тұрған елде есеп жоқ.

Мұны көрген көпішіліктің қатты ашуы келді: "Ұлы орыстар соғыстан қашып жатыр, ал мына қазақтар Ресей үшін соғысқа кетіп барады, бұл қалай болғаны?, "Неге қанды қасапқа біздің қандастар баруы керек, ал орыстардың өздері қашып бізде жүруі керек", "Бұлар елге келгенімен адам болмайтын секілді ғой", "Ішіп алған ғой мыналар, араққа тойғызып айдап жатыр соғысқа", "Тілдері орысшаланып әбден зомби болып кеткендер", "Қайран қазағымай бекер оққа ұшатын болды ау", деген сынды пікірлер қалдырды.


 

Соңғы жаңалықтар