"Ұлы жүзге таяқ беріп малға қой": Бұл сөздің түп төркіні қайдан шыққаны белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ұлы жүзге таяқ беріп малға қой": Бұл сөздің түп төркіні қайдан шыққаны белгілі болды

"Ұлы жүзге таяқ беріп малға қой": Бұл сөздің түп төркіні қайдан шыққаны белгілі болды

Әдебиетші  Мүбарак Қизатұлы "Ұлы жүзге таяқ беріп малға қой" деген сөз тіркесінің астарына үңілді және оның әуелгіде шын мәнінде қандай болғанын анықтап көріпті. 

  • 16 Қыркүйек 2022
  • 1366
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.  

"Шежірелік мәтіндерде Қазақ Үш Жүзге бөлінгенде ең алда жалау таңба ұстап алға жүрген Үйсін баласы болып есептеледі. Оның артына көз таңба немесе қамшы таңба ұстап Арғын бастатқан алты арыс жүреді де, оның соңынан найза таңба ұстаған Алшын мен Жетіру баласы жүреді. 7 ғасырда Алматы тұрған аумақ Тан империясының құжаттарында Улу деп аталған. Мұнысы үлкен ұлы деген. Ала сөзі осы ұлы сөзінің әшекейленіп, о дыбысының а дыбысына өзгеріп айтылуы. Алатау дегеніміздің түп төркіні ұлы тау деген мағынаға сияды", деп түсіндірді Мүбарак Қизатұлы. 

Ал, Ұлы Жүздің ең алда жүріп көтерген таңбасының аты — жалау таңба. Бұл бүгінгі күндерде төре таңба, тарақ таңба аталып жүрген үш ашалы бақан ұшты таңба. Бұл Майқы биден қалған ең ұлы мұра. Бұл таңбаға қазақтың барша ұлысының қатысы бар. Найман да, Абақ Керей де, Тарақты, Алшын да осы таңбаның түрленген нұсқасынан өз таңбаларын алады. Бұл жалау таңбаның төркіні соғыста алға көтеріп жүретін алауды білдіреді. Осы алау сөзінің ж дыбысы толық қолданыста жоқ дәуірде Ялау, Ялоу, Алоу, Улоу, Ұлы деген сөздерді тудырғаны анық. Ұлы Жүз ұғымы үлкен жүз ұғымын да, алау жүз ұғымын да берсе, олардың мекені Алаутау(Ала тау) болды. Осы Ялау таңбаға мұрагер еткен Ұлы Жүз руы Ялауир аталып, кейін Жалайыр ұғымы содан қалыптасты.

Жалайыр осы таңбаны көтерген соң бұл тарақ таңба деп аталды. Тарақ таңбаны Жалайыр ғана емес, тұтас ұлы жүз рулары пір тұтқан таңба. Көшән, Парфия, Бактря елдерінің теңгелерінде осы тарақ таңбаның тұруы осының мысалы.«Ұлы Жүзге тарақ беріп» деген сөз осыдан шықты. Р дыбысының ескі дәуірде тұрақты маңыздылығы болмаған. Хорлықтар(Қарлықтар) салған қаланың Қойлық аталуы, Баршын сұлудың қаласының Байсын деп те, Баршын деп те аталуы, Жауынғы мен Жаңбыр, Қайы кесектің Қаракесек атануы осының мысалы. Сондықтан, Тарақ сөзінің Таяқ болып дыбысталуы да ескіден қалған бір жұрнақ. Тарақ таңбаны қастерлеген Ұлы Жүз туралы ұғымды
«Ұлы Жүзге алау беріп алға қой»,«Ұлы Жүзге тарақ беріп алға қой» деп қайырамыз. «Орта Жүзге қамшы беріп дауға қой»,«Кіші Жүзге найза беріп жауға қой»
сөздері олардың жүздік бойынша ортақ иеленген таңбасымен қатысты, деп жазды Мүбәрак Қизатұлы.

Соңғы жаңалықтар