Ұлыбритания Қазақстан экономикасына инвестиция салуды одан әрі жалғастырады - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлыбритания Қазақстан экономикасына инвестиция салуды одан әрі жалғастырады

Ұлыбритания Қазақстан экономикасына инвестиция салуды одан әрі жалғастырады

"Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты қолдайтын Ұлыбритания осы елдің одан әрі дамуына бұдан былай да қолұшын береді". Бұл туралы бүгін, 25-қыркүйекте Ұлыбритания ханзадасы , Йорк герцогы Эндрю Виндзор ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін мәлімдеді.

  • 25 Қыркүйек 2003
  • 977
Фото - Caravan.kz

Эндрю ханзаданың айтуынша, «Ұлыбитания тек Қазақстан экономикасына инвестиция салумен ғана шектелмей, қазақстандық жас мамандарды дайындауға, оларға болашақта әр саладағы жоғары кәсіби мамандарды өз бетімен дайындай білуге жағдай жасау үшін халықаралық деңгейде білім игеруге жәрдемдесетін болады «.

Осыған байланысты ханзада кеше Атырауда Ұлыбританияның сауда-инвестициялық өкілдігі ашылғанын еске салды.
Ол сондай-ақ, таяу уақыттарда Астанада Ұлыбритания елшілігінің өкілдігі ашылатынын, ал болашақта елшіліктің Астанаға біржола біржола қоныс аударатынын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар