Ұлыбританияда вакцинация паспорты енгізілмейді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлыбританияда вакцинация паспорты енгізілмейді

Ұлыбританияда вакцинация паспорты енгізілмейді

 

  • 13 Қыркүйек 2021
  • 530
Фото - Caravan.kz

Ұлыбритания тұрғындарға түнгі клубтар мен бұқаралық іс-шараларға бару құқығын беретін вакцинация паспортын енгізуден бас тартты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі Саджид Джавид мәлімдеді.

"Осы аптада премьер-министр алдағы бірнеше айда COVID-пен күресу жөніндегі жоспарымызды айқындайды және онда вакциналау бағдарламасы тиімді екенін түсіндіреміз. Біз вакцинация паспортын енгізбеуіміз керек. Бұл жоспар енгізілмейтінін мәлімдегеніме қуаныштымын", — делінген хабарламада.

Мекемелер мен парламент депутаттары сынға алған бұл жоспар қыркүйектің аяғында енгізілуі тиіс еді. Жоспарға сәйкес Англия тұрғындары клубтарға немесе басқа да қоғамдық шараларға кіреберісте COVID-19-ға қарсы вакцинациядан өткенін растайтын құжатты ұсынуы керек болған. Іс-шараларға барудың тағы бір мүмкіндігі — ПТР-анықтамасын ұсыну.


Үкімет мұндай паспорттарды енгізу мүмкіндігі қосалқы нұсқа ретінде қалатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар