Ұлыбританияның "Манчестер-Аренасында" болған жарылыстан қаза тапқандар саны 20-ға жеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлыбританияның "Манчестер-Аренасында" болған жарылыстан қаза тапқандар саны 20-ға жеткен

Ұлыбританияның "Манчестер-Аренасында" болған жарылыстан қаза тапқандар саны 20-ға жеткен

Манчестердегі қалалық жабық стадион алаңында болған жарылыстан жиырма адам қаза тауып, жүздеген адам зардап шекті. Жарылыс билеттер сатылатын дәлізде болған.

  • 23 Мамыр 2017
  • 535
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ТАСС агенттігінің ақпаратына сүйеніп, ҚазАқпарат хабарлады.

Қазір оқиға орнында арнайы мамандар жұмыс жүргізуде.

Айта кетейік, америкалық әнші Ариана Гранденің концерті өткен «Манчестер-Арена» стадионында екі дүркін жарылыс болды. Стадионға 21 мың адам сияды. Куәгерлердің айтуынша, жарылыс концерт аяқталып, көрермендер алаңнан шығып кеткеннен кейін болған.  

«Ариана Гранде соңғы әнін орындап, сахнадан түсіп кетті. Сол сәтте қатты жарылыстың дауысы шықты. Мыңдаған адамның алаңнан шығуға талпынып, айқайлап жылаған дауысы естілді», — дейді оқиға куәгері Daily Mail басылымына берген сұхбатында. 


Соңғы жаңалықтар