Ұлым орысша сөйлейді: Мәдина Сәдуақасова тағы да сынға қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлым орысша сөйлейді: Мәдина Сәдуақасова тағы да сынға қалды

Ұлым орысша сөйлейді: Мәдина Сәдуақасова тағы да сынға қалды

Балаңыз неге орысша сөйлейді? – Дәл осы сұрақ елдің сүйікті әншісі Мәдина Сәдуақасоваға жиі қойылады. Жұрт өзі қазақи нақышта ән айта тұра, ұлына бірінші кезекте орыс тілін үйреткен әншіні түсіне алмауда. Бұл орайда Мәдина ел көкейіндегі сұраққа жауап берді

  • 15 Маусым 2018
  • 194
Фото - Caravan.kz

“Маған көп сұрақ келеді: балаңыз неге орысша сөйледі көбінесе, деген, жауап жазайын: Әнуар расында, көбірек орысша сөйледі, (мультфильм, you tube тағы осындай бағдарламаларды көріп). Біз 5 жасқа дейін баланы еркін, ерке қып өсіреміз деп шештік үй ішімен, балаға ұрыспаймыз, зорлап ештеңе үйретпейміз, ал кейін бағыт беріп, қатаңдау қарап айтып түсіндіреміз, ал қазақша үйренбей қайда барады, құрсын) Әке шешесі, ата-әжелері, барлық туысқандары қазақша сөйледі, балабақшаға қазақ группасына барады, оны еш ұайымдамаймын. Тағы сұрақтарыңыз болса, марxабат”, – деп жауап берген Мәдина.

Алайда Мәдинаның сөзіне қанағаттанбаған кей оқырмандар әншіге тағы да ескерту жасаған.

“Кешіріңіз, бірақ балаңызға қазақша сөйлеуді, қазақ тілін құрметтеуді осы жастан сөйлетіп үйреткеніңіз дұрыс. Сіздерге барша қазақ елі еліктейді”, – деп пікір білдірген Балжан Айбасова есімді желі қолданушысы.


“Үйде де, балабақшада да, “развивашка” да қазақ тілі – ана тілің дегенді күнде естиді, біледі”, – деп жауап берді оған Сәдуақасова.

Бұдан өзге, өнер иесі күйеуін көп көрсете бермеуінің себебін түсіндірді.

“Ол сондай көрінбейтін өмірді таңдады, қайтеміз енді”, – деп күйінішін білдірді әнші.