Үндістан 2015 жылы мақта өндіруден Қытайды басып озады - болжам - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үндістан 2015 жылы мақта өндіруден Қытайды басып озады - болжам

Үндістан 2015 жылы мақта өндіруден Қытайды басып озады - болжам

Үндістан келесі ауыл шаруашылық жылында Қытайды басып озып әлемдегі ірі мақта өндірушіге айналмақ.

  • 21 Тамыз 2014
  • 2071
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Үндістан мақта өсірушілер қауымдастығы мәлімдеді.

Ұйым мәліметіне сәйкес, 1 қазаннан басталатын 2014-2015 ауылшаруашылық жылында Үндістанда мақта түсімі 6,74 млн тоннаны құрайды. Мақта жөніндегі халықаралық ақыл-кеңестік комитет бұл көрсеткіш Үндістан үшін 6,04 млн тонна және Қытай үшін 6,22 млн тонна болады деп болжам келтірді.

Үндістан ауыл шаруашылығы министрліггінің мәліметі бойынша, 14 тамызға шаққанда мақта алаңы жылдық есеппен 5,4%-ға артып, 11,7 млн гектарға дейін жетті.