Үндістан аумағына ғарыш қоқыстары құлады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үндістан аумағына ғарыш қоқыстары құлады

Үндістан аумағына ғарыш қоқыстары құлады

Үндістанның батысындағы ауылдық жерлерге ғарыш қоқыстары құлады.

  • 17 Мамыр 2022
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

The Indian Express ақпаратына сәйкес, зардап шеккендер жоқ.Құлаған заттардың барлығы 15 шақырым жерден табылды, олардың арасында салмағы бес келі тартатын қара металл шар бар. 

Портал мәліметінше, бұл сол күні атмосфераға ұшқан Қытай зымыранының бөліктері болуы мүмкін, себебі оқиға уақыты бойынша сәйкес келеді. Жергілікті билік те, Үндістанның ғарыштық зерттеулер ұйымы да (ISRO) әзірге заттың не екенін анықтаған жоқ.

Алайда Гарвард-Смитсон астрофизика орталығының ғарыш бақылаушысы Джонатан Макдауэлл қоқыс 12 мамырда атмосфераға енген Long March 3B Қытай зымыранының үшінші сатысының бөлігі болуы мүмкін деп мәлімдеді. Зымыран қыркүйекте қытайлық ZX-9B байланыс спутнигімен бірге ұшқан. 

"Біз CZ-3B Y86 таңертең атмосфераға енгенін білеміз. Дәл қай жерде екенін білмесек те, оның болжамды жолы Гуджараттан сол уақытта өтті. Басқа үлкен нысандар атмосфераға кірмеді. Сондықтан мен бұл қоқыс CZ-3B Y86-мен сәйкес деп санаймын", — деді Макдауэлл 
Twitter
-де.

Қоқыстар Қытай зымыранының бөліктері екені расталса, бұл екі айдан аз уақыт ішіндегі осындай екінші жағдай болмақ.

Соңғы жаңалықтар