Жарияланды: 30

Үндістанда ауа температурасы 50-ге жуықтады: Қаза тапқандар саны артып жатыр

Үндістанда ауа температурасы 50-ге жуықтады: Қаза тапқандар саны артып жатыр

Үндістанда табиғат апатынан демалыс күндері 50-ге жуық адам жан тапсырды. Бірнеше апта бұрын басталған аптап ыстық әлі де сақталып тұр.

Қазір аймақтағы барлық мектептер маусымның 22-сіне дейін жабық. Елдің денсаулық сақтау министрлігі тұрғындарға үйлерінен шықпауға кеңес береді.

Мамандардың айтуынша, қазір ауа температурасы 48 градусқа дейін көтерілген. Бұл аздай Бихар штатында энцефалит деп аталатын мидың қабынуы дертінен балалар зардап шегіп жатқан көрінеді. Тез жайылып бара жатқан қауіпті дерттен шамамен 100 бала көз жұмды.

Ауруханада ем қабылдап жатқандардың нақты саны әзірге белгісіз.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін