Үндістанда ауыл тұрғындары 6 жасар баланы Құдай көріп сыйынып жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үндістанда ауыл тұрғындары 6 жасар баланы Құдай көріп сыйынып жүр

Үндістанда ауыл тұрғындары 6 жасар баланы Құдай көріп сыйынып жүр

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Праншу Пенджабтағы Джаланхар (Jalandhar) елді-мекенінде тұрады. Дүниеге келген кезінде-ақ оның көздері қысыңқы әрі маңдайы ісіңкі болған. Дәрігерлер оның денсаулығына қатысты нақты байламға келе алмаған-ды, деп жазды Met

  • 9 Қараша 2016
  • 4978
Фото - Caravan.kz

Праншу Пенджабтағы Джаланхар (Jalandhar) елді-мекенінде тұрады. Дүниеге келген кезінде-ақ оның көздері қысыңқы әрі маңдайы ісіңкі болған. Дәрігерлер оның денсаулығына қатысты нақты байламға келе алмаған-ды, деп жазды Metro.

Оның ерекше бет-әлпетіне зер салған ауыл тұрғындары жас баланы Құдайға теңеп, оған «Лорд Ганеш» (авт. Ганеш – үндістер табынатын Құдайлардың бірі) деп ат берген.

ad_225360802

Баланың әкесі Камлеш те тұрғындардың көзқарасына түсіністікпен қарайды. Осы орайда ол әр бейсенбі сайын ұлын ғибадатханаға алып барып, халықпен кездесуіне мүмкіндік туғызады.

ad_225360789

Суретте: Праншу отбасымен бірге

«Ол – Құдай. Басқа адамдар сияқты мен де оған табынамын. Себебі оның денесі Ганеш Құдайының мүсінінен аумайды», – деп атап өтті жігіттің әкесі.

ad_225360799

Праншу әкесімен бірге велосипедпен ғибадатханаға жол тартты

«Ол әрбір адамға өз батасын береді. Онымен жүздескен әрбір ауыл тұрғыны қалаған арманына қол жеткізеді. Одан бөлек, ұлым күн сайын мектепке барады. Көрген адамдар оған үнемі гүл сыйлайды», – деп атап өтті әкесі.


«Менің түр-әлпетім Ганешке ұқсайды, адамдар менің шынайы есімімді де білмейді. Мектептегі ұстаздарым да маған құлшылық жасайды. Ал достарым мені Құдай санағандықтан, менімен ойнап немесе қорқытпайды. Адамдар мені Ганеш Джи деп атаған кезде өзімді бақытты сезінемін. Мен тек соған ұқсағым келеді. Үлкен басыма да, бет-әлпетіме де дән ризамын», – деп атап өтті кішкентай Праншу.

ad_225360812

Адамдар батасын алу үшін Праншудың айналасына жиналып алды

ad_225360857

Праншу «Лорд Ганеш» атағына ие болды

ad_225360871

Әйел Праншудың батасын алу мақсатында кішкентай қызын оған табынуды үйретті

ad_225360884

Бойжеткен Праншудың аяғын ұстап, сүйіп жатыр

ad_225360902