Үндістанда лай көшкіні мен нөсер салдарынан қаза тапқандар саны 170-тен асты  - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үндістанда лай көшкіні мен нөсер салдарынан қаза тапқандар саны 170-тен асты 

Үндістанда лай көшкіні мен нөсер салдарынан қаза тапқандар саны 170-тен асты 

Үндістанның Керала, Махараштра және Карнатака штаттарында болған лай көшкіні мен нөсер салдарынан соңғы апта ішінде 170-тен астам адам қайтыс болды.

  • 12 Тамыз 2019
  • 17
Фото - Caravan.kz


Төтенше жағдайлар қызметінің деректеріне сүйенсек, басқа штаттармен салыстырғанда Керала штаты қатты зардап шеккен. Бұл жерде соңғы 4 күн ішінде 72-ге жуық адам қайтыс болып, 160-тан астам адам эвакуацияланған, деп жазады India Today.

Соңғы тәуліктің өзінде аймақта 30-дан астам өлім тіркелді. Штаттың бірнеше ауданында қауіптің ең жоғары деңгейі жарияланып, оқу орындарындағы сабақтар тоқтатылды. Әлі күнге дейін Кераладағы ең ірі және көп адамға қызмет көрсететін халықаралық әуежай жабық тұр.

Үш штаттан жалпы алғанда бірнеше жүз мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Үндістанның Метеорологиялық департаментінің хабарлауынша, нөсер әлі бірнеше күн болады.

Соңғы жаңалықтар