Жарияланды: 380

Үндістанда нөсер жауын салдарынан тағы 20 адам көз жұмды

Үндістанның Андхра-Прадеш штатында циклондық нөсер жауын кем дегенде 22 адамның өмірін қиып кетті.

Бұл туралы дүйсенбі күні британдық Би-би-си телерадиокорпорациясы хабарлады. Синоптиктердің болжамынша нөсер жауын тағы екі күн жауады. Өткен аптада «Нилам» циклоны штат аумағына құлаған болатын. Желдің қуаты сағатына 100 шақырымға дейін жетті. Салдарынан көршілес Тами-Наду штатында 10 шақты адам көз жұмды. 1,5 мыңнан астам үй зақымданып, төменгі жақта тұратын мыңдаған адам арнайы лагерлерге көшірілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін