Тағы бес адам жарақаттанды. Оқиға Сангли округінде дүйсенбі күні кешке Eagle Fireworks зауытында орын алған.
Жарылыстың себебі әзірге белгісіз.
Үндістандағы тойларға, фестивальдерге, басқа да шараларға фейерверк бұйымдарын жеткізетін пиротехника зауыттарында кездейсоқ жарылыстар жиі болып тұрады.
2012 жылы оңтүстіктегі Тамилнад штатында осыған ұқсас жағдай салдарынан 34 адам қаза тауып, тағы 30-ы зардап шекті.