Жарияланды: 410

Үндістанда пойыз бен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан алты адам қаза тапты

Үндістанда пойыз бен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан алты адам қаза тапты

Үндістандық Андхра-Прадеш штатында жүк көлігі өтіп бара жатқан пойызға соғылды. Салдарынан алты адам қаза тапты, 20-сы жапа шекті. РИА Новости хабарлағандай, оқыс оқиға Анантапур қаласында орын алған. Жүк көлігінің жүргізушісі мен пойыздың алты жолаушысы ажал құшты. Олардың ішінде Карнатака штатының конгресс мүшесі болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі вагон рельстен шығып кеткені туралы хабарланды. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін