Үндістанда қазақстандық алты баланың жүрегі ауыстырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үндістанда қазақстандық алты баланың жүрегі ауыстырылды

Үндістанда қазақстандық алты баланың жүрегі ауыстырылды

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ басқарма төрағасы Юрий Пя мәлімдеді.

«Баланың жүрегін ауыстыру қажеттігі туындаған жағдайда біз оны Үндістанға жібереміз. Үндістанның денсаулық сақтау жүйесі жүрек пен органдарды ауыс?

  • 17 Тамыз 2017
  • 229
Фото - Caravan.kz

«Баланың жүрегін ауыстыру қажеттігі туындаған жағдайда біз оны Үндістанға жібереміз. Үндістанның денсаулық сақтау жүйесі жүрек пен органдарды ауыстыру отасын Үндістан азаматтары үшін ақылы негізде ғана жасайды. Мұндай оталар Қазақстандағыдай сақтандырумен немесе мемлекеттік көмекпен жасалмайды. Сондықтан, ол жақта балаға арналған донорлық жүректі табу оңай», – деді Юрий Пя

«Қазіргі уақытта балалардың жүрегін ауыстыру туралы заң жобасы Үкіметте қаралып жатыр. Әрине, мұндай оталарды шетке шықпай-ақ, өзімізде жасаған үнемді болар еді. Бірақ, бүгінге дейін Қазақстаннның бірде-бір клиникасында балаға ықтимал донор табылған жоқ», – деп баса айтты дәрігер.


Еліміздегі Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы өкпені ауыстырып салу отасын қолға алды. Мамандар қажет кезде өкпе трансплантациясын жасай алады.

Соңғы жаңалықтар