Үндістанда туристер мінген автобус шатқалға құлап, он шақты адам мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үндістанда туристер мінген автобус шатқалға құлап, он шақты адам мерт болды

Үндістанда туристер мінген автобус шатқалға құлап, он шақты адам мерт болды

Үндістанның солтүстігінде болған жол апаты кем дегенде 11 адамның өмірін қиып, 40 шақты адамды жарақаттады.

  • 17 Маусым 2014
  • 381
Фото - Caravan.kz

Британдық «Дейли телеграф» басылымының хабарлауынша, таулы жермен кетіп бара жатқан автобус шатқалға құлап кеткен. Оқиға сейсенбіге қараған түні Химачал-Прадеш штатындағы Сирмур округінде болыпты.

Полицейлер ауыр жарақат алғандар көп болғандықтан құрбандар санының артуы мүмкін екендігін де жоққа шығармайды.


Әзірге автобуста болған туристердің қай елдің азаматы екендігі хабарланған жоқ.