Универсиада-2017 қарсаңында жаппай жеңілдіктер науқаны басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Универсиада-2017 қарсаңында жаппай жеңілдіктер науқаны басталады

Универсиада-2017 қарсаңында жаппай жеңілдіктер науқаны басталады

Алматыда 28-ші Дүниежүзілік Қысқы универсиада-2017 қарсаңында жаппай жеңілдіктер науқаны басталады.

  • 6 Қаңтар 2017
  • 1045
Фото - Caravan.kz

Бұл ақпаратты Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басқарманың мәлімдеуінше, Almaty Sales Festival шеңберіндегі сатылым 20 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді. Осы кезең аралығында қалаға Қазақстан өңірлері мен әлемнің 58 елінен 2 мыңнан астам спортшы мен турист келетіні жоспарлануда. Барлық 126 сауда орталығы мен «street retial» үлгісіндегі дүкендерде азық-түліктен басқа  тауарларға  жеңілдіктер беріледі. Науқандық ұсыныстар Универсиада-2017 іс-шарасына арнайы ұйымдастырылмақ. 

Айта кетейік, 2016 жылғы желтоқсанда қалада Жаңа жыл мерекеcіне орайластырылған сатылымдар жүргізілген болатын. Нақтыласақ, 120-дан астам сауда орталығы мен 120 азық-түлік дүкенінде  19%-дан 80%-ға дейінгі жеңілдіктер болды.  


Соңғы жаңалықтар