Универсида-2017 алауы эстафетасы еліміздің батыс өңірлерінен бастау алады - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Универсида-2017 алауы эстафетасы еліміздің батыс өңірлерінен бастау алады

Универсида-2017 алауы эстафетасы еліміздің батыс өңірлерінен бастау алады

Универсида-2017 алауы эстафетасы еліміздің батыс өңірлерінен бастау алып, барлық облыс орталықтары арқылы жүріп өтеді.

  • 27 Мамыр 2014
  • 680
Фото - Caravan.kz

Жарыс дирекциясы хабарлағандай, 2016 жылдың 16-желтоқсанында Nazarbayev University «Алаудың тұтануы» атты арнайы шара өткізеді.

«Содан соң Универсиада алауы FISU (Халықаралық студенттер спорты федерациясы) Лозаннадағы штаб-пәтеріне жөнелтіледі. Кейін алау эстафетасы еліміздің батыс өңірлерінен бастау алып, барлық облыс орталықтары арқылы жүріп өтеді. Эстафета 2017 жылғы Универсида астанасы – Алматыда аяқталады», — деп хабарлайды дирекция өкілі.

Жалпы алғанда эстафета 45 күнге созылмақ.

Мамырдың 23-і мен 25-і аралығында Брюссельде FISU атқару комитетінің отырыс өтті. Онда алматылық делегация қол жеткен жетістіктер мен спорт нысандарын салу жұмыстарының барысы жайында баяндама жасады.

Атап айтсақ, баяндамада шайбалы хоккей жарыстары өтетін 3 мың орындық мұз аренасы, мәнерлеп сырғанау жарыстары, ойынның ашылу және жабылу салтанаты өтетін 12 мың орындық мұз сарайы, аккредитация орталығы, емхана, 1 мың орындық асхана, мейрамханалар мен банк бөлімшелері орналасатын 5 мың орындық атлетика ауылы туралы баяндалған.


Универсида аақталғаннан кейін атлетика ауылындағы нысандар студенттер капмусына айналмақ.