Университет оқытушыларының жалақысы өседі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Университет оқытушыларының жалақысы өседі

Университет оқытушыларының жалақысы өседі

Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов университет оқытушыларының жалақысын өсіруге тапсырма берді.

  • 28 Шiлде 2020
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Білім және ғылым министрлігі Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Әділет Тойбаев бұл бағыт бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Жалақы көтеру бойынша барлық жоғары оқу орны тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. 2019-2020 жылғы оқу жылында барлық жоғары оқу орны орташа жалақы мөлшері 20 пайызға көтерілген еді. 2020-2021 жылғы оқу жылында жалақы 21-30 пайызға дейін көтеріледі деп күтіліп отыр. Бұл бағыт бойынша жоғары оқу орындары жұмыс жасап жатыр", — деді ол министрлік аппаратының онлайн жиналысында.

Осы орайда Асхат Аймағамбетов Мемлекет басшысы отандық университтердегі оқытушылардың жалақысын көтеру бойынша тапсырма бергенін, оны орындау керегін атап өтті.

"Біз жалпы министрлікке бағынатын жоғару оқу орындарыда оқытушыларының жалақысын өсіруіміз керек. Бұл мәселені біз 1 қыркүйектен бастап шешуіміз қажет. Бұны сіздермен талқылаған болатынбыз. Бұл жай ғана көтерілген мәселе емес. Өйткені сіздердің бюджеттеріңіз бойынша тиіс мамандармен жұмыс істелді. Тиіс талдау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде бізде осындай мүмкіндік бар екенін көріп отырмыз", — деді министр.

Сондай-ақ, ведомство басшысы Президенттің тапсырмасы бойынша үкіметтің қаулысы қабылданғанын айтты.


"Сондықтан мемлекеттік гранттардың өсуі біріншіден, оқытушылардың жалақысы өсеруге мүмкіндік беріп отыр. Екіншіден, жоғары оқу орындарының материалдық техникалық базасын нығайтуға мүмкіндік берілді. Сондықтан осы мүмкіндікті пайдаланып, тиісті шешімдер қабылдануы тиіс", — деп түйіндеді сөзін Асхат Аймағамбетов.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанның білім және ғылым министрі университет басшыларына биыл оқу ақысын көтермеуді және қарызы бар студенттерге бөліп төлеу мүмкіндігін беруді ұсыну керегін айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар