Үрімжі мен Астана өзара тиімді ынтымақтастық орнатпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үрімжі мен Астана өзара тиімді ынтымақтастық орнатпақ

Үрімжі мен Астана өзара тиімді ынтымақтастық орнатпақ

Үрімжі қаласы ҚКП партия комитетінің хатшысы Чжу Хайлунь Астанаға ресми сапармен келді. 

  • 29 Қазан 2015
  • 654
Фото - Caravan.kz

Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков мейманмен елорда әкімдігі ғимаратында кездестідеп хабарлады  astana.gov.kz ресми сайты.

«Жеті жыл бұрын біздің қалалар достық қарым-қатынастың негізін қалаған болатын. Үрімжі Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің тек әкімшілік емес, сонымен қатар, экономикалық және өндірістік орталығы бола отырып, екі мемлекет кәсіпкерлерінің іскер байланыстарында маңызды орын алады. Сіздің Астанаға жасаған ресми сапарыңыз әріптестік қарым-қатынасымызға жаңа серпін береді деп сенемін» — деді кездесу барысында Әділбек Жақсыбеков.

Үрімжі өзінің географиялық орналасуының арқасында Қазақстан мен ҚХР арасындағы байланыстырушының ролін атқарады. Ланьсиньдік темір жолдағы ірі транзиттік пункт болып табылатын бұл қала арқылы қазақстандық кәсіпкерлердің Қытайдағы әріптестері арасындағы байланыстары жүзеге асырылады.

Оңтүстік қытайлық әуе жолдарының шешімімен Үрімжіден Астана мен Алматыға ұшатын әуе рейстерінің санын 10-нан 15-ке дейін арттыру, экономика, кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы салаларындағы ортақ жұмыс, сонымен қатар, Қазақстан астанасының Қытайдың іскер және туристік орталарының ЭКСПО-2017 көрмесіне тартылуына қызығушылығы екі жақты қарым-қатынасты кеңейтіп, одан әрі дамыта түсуге мүмкіндік береді.

Үрімжі қаласы ҚКП партия комитетінің хатшысы Чжу Хайлунь қонақжайлылық үшін алғыс білдіре отырып, елорда басшылығын Астананың жеткен жетістіктерімен құттықтады.


«Біздің сапарымыздың басты мақсаттарының бірі қалаларымыз арасындағы әріптестікті дамыту болып табылады. Біз бауырлас қарым-қатынастар орнатуға келісім білдірдік, сондықтан, бұл бағыттағы жұмыстарға үлкен мән береміз» — деді Ч. Хайлунь. Үрімжі қаласы ҚКП партия комитеті хатшысының айтуынша, Үрімжі қаласы делегациясы құрамында келген бизнес-қауымдастығы өкілдері баяғыдан Астанада жемісті еңбек етіп жүр.

ҚХР-дан келген қонақтар тараптар арасында түрлі салалар бойынша тәжірибе алмасып, серіктестік орнатуға ұсыныс білдірді, сондай-ақ, Астанада ЭКСПО көрмесінің өтуі кезінде туристер ағымын ұлғайтуға қолдау көрсететіндіктерін айтты. Сонымен қатар, тараптар екі қала кәсіпкерлерінің тұрақты түрде кездесулерін ұйымдастыру мен бизнес-конференцияларды өткізу және Индустриалды парктегі Үрімжіден келетін қонақтар санының көлемін арттыру мәселелерін талқылады.

Бүгін Үрімжі делегациясы Астана дамуының Бас жоспарымен танысып, қаланың мәдени нысандарын көреді. Ертең, 29 қазанда, қонақтар «Астана Инвест — 2015» форумының сессиясына қатысып, Индустриалды парк нысандарын аралайды.