Уругвай президенті Парижге бағыт алған ұшақ бортында бір қызды ажалдан алып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Уругвай президенті Парижге бағыт алған ұшақ бортында бір қызды ажалдан алып қалды

Уругвай президенті Парижге бағыт алған ұшақ бортында бір қызды ажалдан алып қалды

Уругвай президенті  Табаре Васкес Парижге ұшу кезінде 17 жастағы француздық қызға алғашқы медициналық көмек көрсетті, деп хабарлады The Telegraph.

  • 30 Қазан 2015
  • 278
Фото - Caravan.kz

Васкес мамандығы бойынша дәрігер, деп жазды басылым. Оқыс оқиға 26 қазанда болған.

Трансатлантикалық ұшу кезінде қыздың тынысы тарыла бастаған. Кейін белгілі болғандай,  жеген жаңғаққа аллергиялық реакция болған екен. Қыздың анасы көмекке шақырған. Ұшақ командирі жолаушылардың арасында дәрігер бар ма екенін сұрады. 75 жастағы Васкес өз көмегін ұсынды. Уругвай президенті  өзінің жеке дәрігерімен реанимациялық шара ұйымдастырды. Бұл француздық қыздың есін жиып, Парижге аман жетуіне көмектесті. Ұшақ экипажына өзге әуежайға шұғыл қону қажеттігі туындаған жоқ.  

Васкес ресми сапарымен Францияда жүр.