Жарияланды: 50

Ұрып кетті ме? Басқарма құлап жатқан дәрігердің видеосына қатысты түсініктеме берді

Ұрып кетті ме? Басқарма құлап жатқан дәрігердің видеосына қатысты түсініктеме берді

Дәрігердің қатты шаршағандықтан өзін нашар сезініп, есінен танып құлағаны белгілі болды

 Желіде Астанадағы ауруханалардың бірінде жерде құлап жатқан медициналық қызметкер түсірілген кезекті видео тарады.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бұл бейнеороликтің қыркүйекте түсірілгенін хабарлады. Астанадағы орталық теміржол ауруханасының дәрігері қатты шаршағандықтан өзін нашар сезініп, есінен танып құлағаны белгілі болды. Оқиға түнде болған.

Видеода медициналық көмекті күтіп тұрған сәт түсірілген. Сондықтан әлеуметтік желіде дәрігерді ұрып кетті деген әңгіме тарай бастаған.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасындағылар дәрігерге қажетті медициналық көмек көрсетілгенін атап өтті.

Күні кеше осы теміржол ауруханасында дәрігер мен науқастың арасында төбелес болды. Осы оқиғаға қатысты түсініктеме берген бас дәрігердің айтуынша, науқас мас күйінде келіп, жанжал шығарған. Дәрігерді балағаттап, төбелеспекші болыпты. Дегенмен, науқасты тепкілеген медициналық қызметкер жұмыстан шығарылды



 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін