Жарияланды: 330

Үржар ауруханасының бас дәрігері халықтан кешірім сұрап, қызметінен кетті

Үржар ауруханасының бас дәрігері халықтан кешірім сұрап, қызметінен кетті

Үржар аудандық ауруханасының бас дәрігері Жексенбай Тілеубердин сары аурудың таралуына байланысты қызметінен шығарылды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы коммуникациялар қызметі.

Бас дәрігер жұмысына салғырттық танытқанын мойындап, халықтан кешірім сұрады.

Бұдан бұрын Шолпан ауылында 12 адамның гепатит А дертіне шалдыққаны туралы белгілі болған. 2017 жылдың қыркүйегінде бірінші науқастың дерті анықталғанда дәрігер қызмет орнында болмай, орта деңгейлі медициналық қызметкерлер емдеу шарасын жүргізген екен.

Облыстың денсаулық сақтау басқармасының бастамасы бойынша, медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қаржылық-шаруашылық жағын тексеретін арнайы комиссиялар құрылды.

Шолпан ауылына облыстық балалар дәрігері мен Семейдің бас жұқпалы аурулар дәрігері арнайы жұмыс тобының құрамымен жіберілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін