Үш ағайындыны өлтірген қылмыскер өмір бойы бас бостандығынан айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үш ағайындыны өлтірген қылмыскер өмір бойы бас бостандығынан айырылды

Үш ағайындыны өлтірген қылмыскер өмір бойы бас бостандығынан айырылды

Алматы облысы Жамбыл ауданында айуандықпен өлтірілген үш ағайынды жігіттің өліміне қатысты бүгін сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Qamsh

  • 29 Қараша 2016
  • 701
Фото - Caravan.kz

Алматы облысы Жамбыл ауданында айуандықпен өлтірілген үш ағайынды жігіттің өліміне қатысты бүгін сот үкімі шықты, — деп хабарлайды Qamshy.kz.

Мал сатумен айналысатын ағайынды үш азамат Жарқынбек Долданұлы, Мұқият Зарлыханұлы мен Қадылбек Әлімханұлын өлтірді деген негізгі айыпталушы Талғат Сүлеймановқа сот өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Ол жазасын ерекше түзімдегі колонияда өтейтін болады. Ал, Т. Сүлеймановтың сыбайласы Мұрат Оңалбаев 25 жылға бас бостандығынан айырылып, қатаң түзімдегі колонияға жіберілетін болды. Қанды қылмысты көріп, құқыққорғау органдарына хабарламады деп айыпталған малшы Бақыт Байқасымовқа сот төрт жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Бұдан бөлек, сот шешімімен Т. Сүлейманов пен М. Оңалбаев әрқайсысы қайтыс болған әр азаматтың отбасына 10 миллион теңгеден моральдық шығынды өтеуге міндеттелді. Сот үкіміне жәбірленуші тарап пен сотталғандардың туыстары да келіспеушілік білдіруде. Сот залынан шыққан сотталғандардың туыстары журналистерге қандай да бір пікір білдіруден бас тартса, марқұмдардың жақындары қылмыскер өлім жазасына кесілуі керек деп санайды.


 

Соңғы жаңалықтар