"Үш ай ес-түссіз жатып, көз жұмды": Елімізде бұған дейін қанша бала батуттан зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Үш ай ес-түссіз жатып, көз жұмды": Елімізде бұған дейін қанша бала батуттан зардап шекті

"Үш ай ес-түссіз жатып, көз жұмды": Елімізде бұған дейін қанша бала батуттан зардап шекті

Батутпен ойнау балалардың жаз кезіндегі ең сүйікті ермегі. Әйтседе дәл осы батуттан жеңіл жарақат алғандар да, ауыр жарақатпен қаза болғандар да бар.

  • 27 Мамыр 2019
  • 315
Фото - Caravan.kz

Мәселен өткен сенбіде Қарағанды қаласында болған қайғылы оқиға соның айғағы. Батуттан зардап шеккен жалғыз  бұл оқиға емес.Caravan.kz медиа-порталы үрмелі ойыншыққа қатысты бұрнағы жылдары орын алған бірқатар оқыс жағдайларды еске түсіріп көрді.

2011 жыл.

Маңғыстау облысы Мұнайшы ауылында 24 мамыр күні қатты боран салдарынан ойын-сауық саябағында батут аударылып 14 бала зардап шекті, оның төртеуі жансақтау бөліміне жеткізілді. Олардың арасында 7 жасар Арайлым аса ауыр жарақат алып оған операция жасалған, деп жазды Tengrinews.kz. Бүлдіршін 3 ай бойы ес-түссіз жатты.

"Қыз бала 24 мамыр күні бас сүйек-ми жарақатын алып ес-түссіз ауруханаға жеткізілген болатын. Жүрегі жұмыс істегенімен тынысы арнайы аппарат арқылы қамтамасыз еткізілген. Тамыздың 19-да ол көз жұмды" — деп мәлімдеді Мұсақанов

pinterest.rupinterest.ru

 

2018 ж 4 мамыр

Астанада "Жаннұр" сауда үйінің жанында қатты соққан желдің салдарынан балалар ойнайтын батут аударылып кетті. ІІМ төтенше жағдайлар бойынша медициналық апат Комитетінің ақпаратынша, зардап шеккен балалар 4-10 жас аралығында. Алдын ала диагноздары: жартылай жарақат алу, жабық сүйек-ми жарақаты, мидың шайқалуы. Батут қадалып тұрған жерінен 20 метрге ұшып кеткен. Бұл жайлы Today.kz. жазды.

m.kapital.kzm.kapital.kz

 

Павлодар, 2017 жыл

Павлодарда ойынның арты қайғыға ұласа жаздады. Екі жастағы қыз батутта ойнап жүргенде қатты жел тұрып кетеді. Қыздың анасы баласын құтқару үшін аттракционға шығады, бірақ батут желдің ырқымен айналып кеткен. Зардап шекендер есін жан сақтау бөлімінде ғана жиған. Қолы сынып, бас сүйегі жарақаттанған және құлақ жарғағы жыртылған. Қызының аяғы сынып, бетіне қанды ісік жиналған.

 

2018 жыл, шілде айы.

Ресейдің Соль-Илецк қаласында кішкентай қазақстандық батуттан зардап шекті, деп хабарлайды Вестирама.ру.

Тергеу деректеріне сәйкес, 2018 жылдың 7 шілдесінде Соль-Илецкте орналасқан «Соленые озера» демалыс аймағында ауа қысымымен жұмыс істейтін «Подушка. Крутой прыжок» аттракционында техникалық ақаулар болған және онда секірген Қазақстан Республикасынан ата-анасымен бірге қыдырып келген кішкентай бала зардап шекті. Баланың сан жілігі ішінен сынған.

smolnarod.rusmolnarod.ru

 

2019 жыл 25 мамыр

Қарағандының Орталық демалыс саябағында қатты соққан желден балалар ойнайтын үрмелі батут аударып қалды.

Соның салдарынан батутта болған 11 жастағы бала мерт болып, тағы 2 бала жарақат алған еді.Осы оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің 306 бабы 3 тармағына сәйкес «Адам өліміне алып келген қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін қызмет көрсету» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

11 жасар баланың өліміне әкеп соққан батут иесі «сауық нысанын заңсыз әрі, талапқа сай орналастырмаған» деген айыппен уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп жазды Stan.kz .

stan.kzstan.kz
Соңғы жаңалықтар