Жарияланды: 1900

Үш күн қатарынан төмен қарай құлдилаған ­мұнай бағасы бүгін аздап көтерілді ­

Үш күн қатарынан төмен қарай құлдилаған ­мұнай бағасы бүгін аздап көтерілді ­

Үш күн бойы төмен қарай құлдилаған мұнай бағасы дүйсенбі күні қымбаттады.

Бұған Сауд Арабиясының жанар-жағармайдың арзандығынан сұраныс азаюы мүмкін деген мәлімдемесі түрткі болып отыр, деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.
Бүгін таңертең Лондонның ICE Futures биржасында Brent мұнайының желтоқсан фьючерстері 43 центке қымбаттап, баррелі 47,85 доллардан сатылды. Жұма күні баға 1,17 пайыз төмендеп, 47,42 долларды құраған болатын.
Өткен аптада Вrent бағасы 4,3 пайызға
арзандады.
Ал, WTI мұнайының желтоқсан айына арналған фьючерстері Нью-йорк тауар биржасында (NYMEX) 38 центке қымбаттап, баррелі 44,67 долларға бағаланды. 
Өткен сәрсенбі-жұма аралығында WTI 7,5 пайыз арзандаған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін