Үш облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үш облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

Үш облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Қызылорда облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

  • 17 Наурыз 2019
  • 77
Фото - Caravan.kz

Синоптиктердің мәліметі бойынша, 16 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, дауыл болады, найзағай ойнайды, кей жерлерде шығыс, оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жел тұрады. Дауыл ықтималдығы — 95-100 пайыз.

17 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан, батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр жел соғады. Дауыл ықтималдығы — 90-95 пайыз. Осы күні Түркістан облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан, шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Дауыл ықтималдығы — 90-95 пайыз.



 

Соңғы жаңалықтар